Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат Басты бет | Қонақ кітабы





«Білім берудің тұрақты алға дамуын қамтамасыз ету үшін білім берудің ресми және биресми жүйесіне ену» тақырыбындағы республикалық семинар


"Нұра өзенінің геоэкологиялық жағдайы" (43 КБ). кіріктірілген сабағы 8 сыныпта.
Пән мұғалімдері: Садуова Ж.Қ. Жакенова Г.К.

"Табиғатты қорғау - болашақты ойлау"(2 МБ). Брефинг 10 сыныпта.
Пән мұғалімі: Сатмолдина Ф.Ә.

"Слайд-шоу"(2 МБ).





Сабақ туралы сыр

Ұлағаты мықты болмақ ұлықтың,
Сабақ сырын бүгін, міне, шын ұқтым.
Бір керемет әсерде біз отырдық,
Сабағында 8-сыныптың.

У-су ішіп өтпеу үшін күн, аптаң,
Мәселені бастады ұстаз сұрақтан.
Экономикаға керек болда бұл кезде
Енді қалай құтыламыз сынаптан?

Тілге оралып оқыс ойлар бастағы,
Кең ашылды экология аспаны.
Барлық бала ортаға сан ойларын
Тысып сілкіп, астарды ашып тастады.

Мәселеде тығырыққа тірелген,
«Депутаттар» жоғарырақ тұр елден.
Миссиясын абыроймен атқарып,
Ойдағыдай шығып жатыр рөлден.

Барлық топтың бірдей екен ұраны,
Айтар сыры, шырқалатын жыр-әні.
Ең бастысы – ертең осы балалар
Тазалайды ластанған Нұраны.

Облыстан сыртқа кеткен дабысы,
Бірдей екен қос ұстаздың шабысы.
Бұл сабақтың тамаша боп өткені
Екеуінің ынтымағы – табысы.

Бұл сабақта табиғатпен үндеске,
Жан болады күйбең түнін күн кешкен
Маған салса, балалардың барлығын
Бағалаған болар едім кілен «5пен»


Сабақтан түйген ой

Тисінші зиян емес, пайдаң ғана
Болмасаң қасіретке майдан дала.
Аламға айтылатын бір ескерту
Қонақсын, төрге шықсаң тайраңдама!

Жарқырап жүру үшін кең өлкеде,
Түсінерсін құмырсқаға көлеңкең де.
Қойылар азаматқа жалғыз сұрақ:
«Не мұра қалдырдың сен ертеңге?!»

Қиялдар кеңге қанат жайған барып,
Көп ойлар түсті ортаға байыпталып.
Бастысы – ертең бізге келер ұрпақ
Жүрмесін «надандар» деп айып тағып....


Мектеп туралы

Мыңнан озған шәкірттері – мақтаны,
Айтар жыр - өз бағытын тапқаны.
Қиындығы - жиі ауысып жүргені,
Жетістігі – тіл жоғалмай жатқаны.

Ортасы бар ырыс-білім даритын,
Көп баласы жүлделерге жаритын.
Арнайы бір мұражай ғып қойыпты
Мектеп өзі – 75 жыл тарихын.

Әр балада ұшқыр қиял, қарымды ой,
Тегеуші асау өзен арын ғой.
Басшы болсын, ұстаз болсын шәкірті.
Дарын деген қай кезде де дарын ғой.

Дарын деген басқа қонар асқан бақ,
Ол ғылымның мәр-мәр тасын жастанбақ.
Мектепке айтар тілегіміз - әрдайым
Атақ-даңқы кете берсін аспандап!
Қызылорда облысының білім басқармасының бастығы
Еркін Дүйсенбаев




Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Алиханов көшесi 36/2
E-mail:
nurmakova@narod.ru © 2010
 

Hosted by uCoz