Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат Басты бет | Қонақ кітабы





Мектебіміздің аяулы ұстазы - Бәйішова Ләззәт Бәйішқызы ұстаздар мерекесі қарсаңында, облыс әкімі тарапынан бөлінген 1000000 теңгеге ие болды


Қазан айының төртінші жұлдызы мектебіміз «ұстаздар күнін» тойлады. Мектебіміздің аяулы ұстазы - Шаяхметова Рысты Нақыпбекқызына Білім және ғылым министрінің мақтау қағазы ұсынылды


Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!! Бізге білімнің нұрын төгіп, нәрімен сусындатып отырғандарыңызға алғысымыз шексіз. Мектеп екінші үйіміз болса, сіздер екінші анамызсыздар.
Ұстаздың бақыты - шәкіртінің көкке қанат қаққаны емес пе? өздеріңіздің қажырлы қайраттарыңыз бен ерен еңбектеріңіздің арқасында білім көгінде қалықтап келеміз. Кім болса да ұстазға борыштар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дей келе сіздерге құшақтарыңыз гүлге толсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтай берсін деген тілек білдіреміз.

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің,
-дей келе тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!




Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Алиханов көшесi 36/2
E-mail:
nurmakova@narod.ru © 2010
 

Hosted by uCoz